Қарасайлық кәсіпкерлер де көрмеде болып қайтты

Қарасайлық кәсіпкерлер де көрмеде болып қайтты

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Әлем назарын өзіне аударған, Елордамызда өтіп жатқан тарихи оқиға – «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне тамсана табан тіреушілердің қатары күн санап артып келе жатыр.

Қарасай ауданының кәсіпкерлері де бұл шараға үлкен қызығушылық танытып, іргелі ірі өндіріс орындарының басшылары мен жұмысшылары да арнайы барып шетелдік әріптестерінің жұмысын зор ықыласпен тамашалауда.

Қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен танысып, әлемнің жасыл технология саласында жеткен жетістіктерін тамашалап қайтуға болатын ЭКСПО көрмесіне бару арқылы тың бизнес-жобалардың өмірге келуіне де жол ашылуы мүмкін.

Шындығында да еліміздің географиялық орналасу рет­тілігін, жел және күн энер­гиясын пайдалану мүмкін­дігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурс­тарының энергетикалық әлеуетін ес­керсек, бұл қажеттіліктің орнын тол­тыруға тамаша мүмкіндік туғалы­ тұр. Бұл әлемдік көрмеде «Болашақ энер­гиясы»  экологиялық тақырыбын таң­даған  Қазақстанның сағатына 1 трлн. кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар. Ғаламды­қ деңгейдегі ғылымның даму үдерісін көрсетеді деп күтіп отырған “ЭКСПО-2017” көрмесі – Қазақстанды­ жаңа қырынан танытуға септігін тигізе­тін  ұлы жоба екені даусыз. Тіпті, осы бастама арқылы­ елімізге қыруар табыс көзін кіргізуіміз әбден мүмкін. Өйткені бұрын-соңды қолданысқа шықпаған жаңа техноло­гиялар көрсетілімі бізге экономикалық табыс көзін көрсетуі ғажап емес.

Сол себепті де, ел дамуына өзіндік үлес қосып жүрген қарасайлық кәсіпкерлер де көрмеден көп нәрсені көкейге түйіп қайтқандықтарын қуанышпен алға тартуда.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях