Ескі көліктер утилизацияға 11 қаңтардан бастап қабылданады

Ескі көліктер утилизацияға 11 қаңтардан бастап қабылданады

Қолданыстан шығып қалған көліктерді утилизацияға қабылдаудың 2021 жылғы бағдарламасы 11 қаңтарда қайта жанданады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Оператор «РОП» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 қаңтардан бастап Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қаласындағы қабылдау бекетіне көлікті өткізуге болады. Ал, 18 қаңтардан бастап Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл мен Орал қалаларының қабылдау бекеті жұмысын бастайды. Сонымен қатар, 1 ақпаннан бастап ескі көліктер Алматы қаласында да қабылданады.

2021 жылы АЕК көлемі артқандықтан ескі көлік үшін берілетін төлем көлемі де өсті:

– М1санаты бойынша – 210 024 тг;

– М2 санаты бойынша – 420 048 тг;

– М3,N3 санаты бойынша – 630 072 тг.

Қабылдау бекеттерінің мекенжайы recycle.kz порталында жарияланған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях