Спортшылар бақ сынады

Спортшылар бақ сынады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін Қарасай батыр кешенінде аудандық спорт бөлімі және «Қуат» мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен пара дзюдо мен пара таэквандодан ашық турнир өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында саламатты өмір салтын насихаттап, оларға қолдау білдіруді мақсат еткен шараға алты команда қатысты. Сонау шалғайдан ОҚО мен Жамбыл облысынан, жергілікті Қарасай, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарынан келіп спортшылар бақ сынады. Ақылмен қатар дене күшін қажет ететін сайыста қатысушылар табандылық танытты. Бағы мен бабы қатар шапқандар үздік екендерін дәлелдеп, жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда пара дзюдодан ересектер арасында 60 кг – Е. Құсайнов (Қарасай ауд.), 66 кг – Е. Жоламанов (Жамбыл ауд.), 73 кг – Қ. Ақымбаев (Қарасай ауд.), 81 кг – Б. Жанмұхан (Қарасай ауд.), 81 кг-дан жоғары – Р. Қожанов (ОҚО) жеңімпаз атанса, қыздардан  Талғар ауданынын келген А. Тайжанова оза шапты. Ал, жасөспірімдерден Жамбыл облысының намысын қорғаған А. Ахмедов көрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар, пара таэквандо да тартысқа толы болды. 61 келіде қарасайлық Ж. Тілегенов, 61 келіден жоғары салмақта Жамбыл ауданынан келген С. Мұстақымов үстем түсіп, жеңімпаздар қатарынан табылды. Оларға арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтар табысталды.

Осылайша мүмкіндігі шектеулі болса да, оларға сүйікті ісімен айналысуға жағдай жасап, қолдау білдірген ұйымдастырушылар аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне, Қарасай батыр кешеніне, «инватаксимен» камтамасыз еткен Жабыл аудандық мүгедектер қоғамына, «Мейірім» қоғамдық бірлестігіне алғыстарын білдірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях