Елтаңбаның авторы дүниеден өтті

Елтаңбаның авторы дүниеден өтті

89 жасқа қараған шағында Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, Елтаңба авторы Шота (Шот-Аман) Уәлиханов дүниеден өтті. Сәулетші қайтыс болғаны туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

– «Шот-Аман Уәлихановтың отбасы мен туған-туыстарына. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», «Отан», «Даңқ» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Тəуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі (Ресей Федерациясы) Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. (…) Ғибратты азаматтың асыл бейнесі, ерен еңбегі туған-туыс пен қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын», – деп жазды министр өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор Шота Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы. Сондай-ақ, ол Шоқан Уәлиханов, Шәкәрім, Тоқаш Бокиннің ескерткіштерін салған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях