Алматы тұрғыны тікелей эфирде Сағынтаевқа той өтетінін айтты  

Алматы тұрғыны тікелей эфирде Сағынтаевқа той өтетінін айтты   

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының сұрағына тікелей эфирде жауап берді. Эфир кезінде қала әкіміне күтпеген сауал қойылды, – деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде тұрғындардың бірі жақын арада қаладағы мейрамханалардың бірінде той өтетінін айтты. Оның айтуынша, Алматыдағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шектеулеріне қарамастан ұйымдастырылып жатқан отбасылық мерекені болдырмау керек.

«Сізге 14 тамызда Момышұлы көшесіндегі «Керемет» мейрамханасында той болатынын айтайын деген едім. Мемлекеттік органдар оны болдымрауға шара қолдана ала ма? Соны білгім келеді. Себебі, қаладағы эпидахуал қандай екені бәрімізге белгілі», – деп сұрады тұрғын Алматы әкімінен.

«Жақсы, біз осы мейрамханаға мониторинг тобын жібереміз және мерекені кім және қашан өткізуді жоспарлап жатқанын анықтаймыз», – деп жауап берді Сағынтаев.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях