Елімізде үш градусқа дейін аяз болады деп күтілуде

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Синоптиктердің 10-12 қыркүйек күндеріне жасаған ауа райы болжамдары бойынша ауа температурасы нөлден жоғары 3 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Орал аумағынан келетін салқын және ылғалды ауа әсерінен алдағы үш күнде жаңбыр жауап, республиканың көптеген аймақтарында әсіресе оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күн күркіреп, ауа температурасы жылдың осы мезгіліне тән орташа көрсеткіштен төмен болады.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде күн ашылып, ауа температурасы нөлден жоғары 3 градусқа дейін төмендейді. Тек республиканың батысында антициклонға байланысты күн жауын-шашынсыз болады, сол антициклон шығысқа қарай жылжуының арқасында біртіндеп оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардағы жаңбыр тоқтайды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях