Енді мұғалімдерге тіл тигізгендер айыппұл төлейтін болады

Енді мұғалімдерге тіл тигізгендер айыппұл төлейтін болады

«Ұстаздар мәртебесі туралы» ҚР Заңын бұзғаны үшін көзделген айыппұлдарды ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялады, деп хабарлайды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш Заң бойынша кәмелет жасқа толмағандардың мұғалімге тіл тигізгені үшін ата-аналарына жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ал, жеке тұлғаға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Егер бұл жағдай жыл ішінде қайталанса, азаматқа қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынатын болады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың педагогке тіл тигізгені үшін ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, егер жыл ішінде қайталанса, онда отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Мұнан бөлек мұғалімді өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартқаны немесе қарастырылмаған есептілікті талап еткені үшін, сондай-ақ, ҚР-ның заңнамасында көзделмеген тексерулер жүргізгені үшін ескерту жасалады. Ал, мұндай жағдай жыл ішінде қайталанатын болса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях