Еңбектері еленген үздіктер

Еңбектері еленген үздіктер

Бүгін орталық кітапханада аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова жыл бойы атқарылған шаралардың жоғары деңгейінде өтуіне үлес қосқан мәдениет, кітапхана, музей саласының  белсенділермен кездесті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Мерейлі жиынның алғы сөзін айтқан аудан әкімінің орынбасары Күлжан Әділханқызы табалдырықты атағалы тұрған 2020 жылмен  шын жүректен құттықтады. Барлық жақсылықты тілей келе  бірқатар қызметкерлерге, атап айтқанда, «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісін Жәмила Қарқынбаева, «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісін Сайра Есенбековаға табыс етті. Сонымен қатар, шара барысында ағымдағы жыл аяқталғанша қалтқысыз еңбек сіңіріп, аймақтың өз салалары бойынша дамуын септігі тиген  қызметкерлер де елеусіз қалмады. Олар  аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың және Күлжан Әділханқызының аттарынан  Алғыс хаттармен марапатталды. Одан кейін  аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы ақ батасын беріп, келе жатқан мерекеге орай тілегін білдірді. Басқосу соңында жиналғандар естелік суретке түсті.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях