5 қаңтардан бастап АӘК бойынша құжаттар қабылданады

5 қаңтардан бастап АӘК бойынша құжаттар қабылданады

Қарасай ауданында 5 қаңтардан бастап АӘК тағайындауға құжаттар қабылданады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Еліміз бойынша келер жылдың алғашқы айында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға өтініштер қабылдау реті басталады. Нақты айтқанда, 5 қаңтардан республиканың әр аймағындағы жергілікті әкімдіктер АӘК бойынша азаматтарды қабылдап, құжаттарын тіркейді.

Қарасай аудандық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, біздің ауданға қарасты қала және ауылдық округтердің әкімдіктері де 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап АӘК алуға ниетті тұрғындардың өтініштері қаралып, қабылданатын болады.

Атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген күніне қарамастан, сол айдан бастап тағайындалады. Мәселен, құжат 20 қаңтарда өткізілсе, төлем толық сол ай бойы төленеді.

Тағы бір айта кетерлігі, еліміз бойынша АӘК алатын аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды кепілді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях