«Біз ЖИТС-ке қарсымыз!»

«Біз ЖИТС-ке қарсымыз!»

Осы кезге дейін жұқтырғыш иммундық тапшылығы синдромының ЖИТС індеті көптеген адамның өмірін алып кетті. Бұл аурудың алдын алудың ең тиімді жолы мен қолжетімді тәсілі – халықты ақпараттандыру. Осыған орай, бүгін аудандық орталық аурухананың ұйымдастыруымен Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте «Біз ЖИТС-ке қарсымыз!» атты акция өткізілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Қазақстандағы ЖИТС жұқтырушылар санының артуы мәселесіне назар аудару, аталған аурудың алдын алу және тәуекел топты, яғни, жастарды ақпараттандыру мақсатында өткен шараға Алматы облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының дәрігерлері, орталық аурухананың СӨСҚ бөлімшесінің маманы мен аталмыш мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Шара барысында мамандар аталмыш ауру туралы мәлімет беріп, жастарға одан аулақ болудың жолдарын түсіндірді.

Басқосуда сөз алған аудандық аурухананың СӨСҚ бөлімшесінің дәрігері Дана Таждинова аталған аурудың алдын алу мәселелері мен оған қарсы күрес жұмыстарын сөз етті. Мұнан кейін облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының дәрігері Ләззат Байманова ауруға байланысты емдеу шаралары, алдын алуға байланысты кеңестерін берді. Сонымен қатар, ЖИТС ауруының кезендері туралы бейнероликтер көрсетілді. Ал, Сәтбаев орта мектебінін оқушылары өздерінің бұл ауруға табанды түрде қарсылығын көрсету мақсатын түрлі қойылымдар қою арқылы жеткізді. Сондай-ақ, осы тақырыпқа байланысты викторина ұйымдастырылып, сұрақтарға жауап берген оқушыларға сыйлықтар берілді.

Шара соңында аудандық аурухана дәрігері Дана Тәждинова осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан 10 «г» сынып оқушыларына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру! Денсаулық – баршаға» ақпараттық түсіндіру кешені аясында өткен спорттық шараға белсенді қатысқаны үшін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ербол Сәрсенбаевтың атынан мадақтама мен сыйлық табыстады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях