Президент өз ауылы Кәлпеге келер ме екен…

Президент өз ауылы Кәлпеге келер ме екен…

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кәлпе ауылына келмекші, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында taldykorgan-online.kz желілік басылымында жария болды.

Алматы облысына қарасты Кәлпе аулының тұрғындары елеңдеулі. Таяу күндері ауылға республика Президенті келуі мүмкін деген ақпар бар. Бұл мәліметтің шынайылығына күмән жоқ. Себебі, облыс әкімдігінің лауазымды қызметкерлері соңғы күндері ауылға жиі келіп жүр.

Сонымен, Кәлпе ауылының қазіргі жағдайы қандай? Кәлпе аулы — Жолбарыс ауылдық округінің орталығы. Округ құрамына Айдар, Кәлпе, Қанабек, Қарашеңгел ауылдары кіреді. Мұнда 3 мыңға жуық тұрғын бар. Халықтың негізгі табыс көзі — мал және егін шаруашылығы. Округ бойынша 2 орта, 2 бастауыш мектеп, 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 1 амбулатория, 3 фельдшерлік пункт, 1 мешіт қызмет етеді. Ауылдан Түркісіб теміржолы өтеді.

Қазіргі Президентіміздің әкесі — Кемел Тоқаев ҰОС ардагері, танымал жазушы, журналист болған. Сол себепті, туған ауылында жазушы атына көше берілсе, аудан орталығы Үштөбе қаласында К.Тоқаев атында саябақ, мектеп, скверлер бар.

Былтыр ғана ауылдағы Кемел Тоқаев атындағы көше күрделі жөндеуден өткен. Асфальт төселіп, шарбақтар мен көше шамдары орнатылды.

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың ресми өмірбаянында Алматыда дүниеге келген деп жазылған. Бірақ, балалық шағы Кәлпе ауылында атасының қолында өткен. Аталарын ардақтаған елміз ғой. Сондықтан, таяу күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кәлпеге атбасын бұратыны заңдылық. Алайда, Президент сапарының нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях