Алматыда жанармай бекеті өртенді

Алматыда жанармай бекеті өртенді

Алматыда жанармай бекетінің маңында өрт шықты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Редакция оқырмандары оқиға орнында түсірілген суреттер мен видео жіберген. Онда жанармай бекетінің маңынан түтін шығып жатқанын көруге болады. ТЖД мәліметінше, «Петрол Азия» жанармай құю кешені өртенген. Өрт аумағы болжаммен 130 шаршы метр аумақты шарпыған. Көпті әбігерге салған жалын 10:32 сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 43 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, оқиға орнына Алатау аудандық полиция бөлімінің 15 қызметкері және медициналық жедел жәрдемнен алты дәрігер келді.

Айта кетейік, өрттің түтіні оқиға орнынан алыс жерден көрініп тұр. Оның жанында көлік жөндеу бекеті орналасқан.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях