Беларусь Қазақстанға мұнай жеткізуге сұраныс жіберді

Беларусь Қазақстанға мұнай жеткізуге сұраныс жіберді

Қазақстанның Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев белоруссиялық «Белнефтехим» концернінен мұнай жеткізу туралы сұраныстың келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылым Tengrinews.kz тілшісі.

– Біздің министрлікке «Белнефтехимнен» өтініш келді. Енді, алдағы уақытта атылмыш агенттіктің өкілдері жеткізу мәселесін талқылау үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Бүгінде біз мұнайды әртараптандырылған бағыттарға жеткізіп отырғандықтан Беларусь тарапының түскен ұсынысты да қарастыратын боламыз, – деді министр.

Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев келіссөздің қаңтар айының 20-сына дейін өтетіндігін де айтып өтті.

Еске сала кетейік, Ресей мен Беларусь жанармай жеткізу бойынша бір келісімге келе алмағандықтан Республика Президенті Александр Лукашенко Минск мұнай жеткізу мәселесі бойынша Мәскеумен жүргізіп жатқан келіссөздерді тоқтататындығын және де жанармайды жеткізу мәселесі бойынша басқа балама көздерін іздейтінін мәлімдеген болатын.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях