Қарасайлық оқушы ат әбзелдерін жасап, табыс табуда (Видео)

Қарасайлық оқушы ат әбзелдерін жасап, табыс табуда (Видео)

Қарасай ауданына қарасты Береке ауылындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Берік Әжімбай мемлекет қолдауына ие болып, бүгінде ат-әбзелдерін дайындау ісімен айналысуда. 16 жастағы баланың кәсіп ашуына «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы ықпал еткен. Соның аясында мектеп оқушысы 1 млн теңге қаржылай сыйақыға ие болып, отбасылық кәсіпті ілгерілетуге үлес қосқан. Беріктің «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы жайлы білуіне бірден-бір себепкер Қарасай аудандық жастар ресурстық орталығы екенін де айта кету керек. Орталық жастары мемлекеттің осындай ұтымды бастамаларын аудан көлемінде дәріптеуден қалыс қалған емес. Олар мемлекеттің осындай ұтымды бастамаларын жастар арасында насихаттап, жастарды жаңашылдыққа бастайды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях