«Балаларға қуаныш сыйла» акциясы

«Балаларға қуаныш сыйла» акциясы

Кеше  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы мен аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында Қаскелең көмекші мектеп-интернатында «Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды  Karsayinfo.kz желілік басылымы.

Аталмыш шараға Қаскелең каласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп интернатының директоры Анар  Рахышова «Nur Otan»  партиясы  аудандық филиалының консультанты Балнұр Чегебаева және Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова қатысып, сөз сөйледі. Жиын барысында  Қаскелең  мәдениет колледжінің студенттері дайындаған концерттік бағдарлама, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Жақсылық жасап жарысайық!

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях