«Азаматтарға арналған үкіметтің» байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болады

«Азаматтарға арналған үкіметтің» байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болады

Енді қазақстандықтар байланыс орталығының операторларымен кез келген уақытта, аптаның 7 күнінде, мереке күндерін қоса отырып, кеңес ала алатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылым ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

1411 қысқа нөміріне хабарласқан адамдар келесі мәселелер бойынша кеңес ала алады:

– зейнетақы мен жәрдемақыларды рәсімдеу;
– көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
– атаулы әлеуметтік көмек;
– әлеуметтік қызметтер порталы;
– еңбек қатынастары және жұмыспен қамту;
– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға онлайн психологиялық кеңес алуға өтініштер қабылдау.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов айтуынша, кез-келген адам әлеуметтік қызметтерді тіркеу үшін қандай құжаттар керектігін халыққа қызмет көрсету орталығына бармас бұрын байланыс орталығына хабарласып, нақтылап алуына болады екен.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях