Ауданымызда Алғыс айту мерекесі аталып өтті

Ауданымызда Алғыс айту мерекесі аталып өтті

Елімізде биыл міне, бесінші рет қатарынан дәстүрлі түрде аталып келе жатқан Алғыс айту күні мерекесін бүгін қарасай жұртыда жақсы көңіл-күймен атап өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

1 наурыз қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсететін Алғыс айту күні. Осы ретте бүгін көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында алдымен жиналған қауым аталмыш мейрамның мән-мағынасын, сонау қайғылы оқиғаларды, жаппай жер аудару туралы айтылған, сондай-ақ, ауданымызда тұратын барлық этнос өкілдері өздеріне көрсетілген қонақжайлық пен жанашырлық үшін алғыстарын білдірген бейнероликті тамашалады. Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова сөйлеп, қарасайлықтарлы бірлік пен татулықты насихаттайтын айтулы мерекелерімен құттықтап, өзінің жылы лебізін жеткізді.

Бұдан кейін жиналған қауым сахна төрінде ауданымыздың өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Өнер иелері қазақ, ұйғыр, татар тілдерінде әндер шырқап, ал, аудандық «Грация», «Шаттық» сияқты би топтары әртүрлі ұлттардың билерін билеп, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.

Осылайша осы бір адамдарға жылулық сыйлайтын тамаша мерекені қарасайлықтар жақсы ықыласпен атап өтті.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях