Аудан әкімі Қаскелеңдегі жаңа мектеп-гимназиясының ашылу салтанатына қатысты

Аудан әкімі Қаскелеңдегі жаңа мектеп-гимназиясының ашылу салтанатына қатысты

Биыл оқу жылында Қарасай ауданында 8410 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Бүгін ауданымыздағы барлық білім ордаларында Білім күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтіп. Дәл осы күні қолданысқа берілген Қаскелең қаласындағы «Қарлығаш» ықшам ауданының маңында орналасқан жаңа мектеп-гимназиясының ашылу салтанатына аудан әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысып, мұғалімдер мен оқушыларды құттықтады деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Сонымен қатар, бұл шараға Сағат Мәсімақынов, Ұлтай Бархинова, Шара Қанатқұлқызы сынды ардагер ұстаздар, Алматы облыстық білім басқармасының бас маманы Ақмарал Атенбекова, аталған мектептің ғимаратын салған мердігер «BI GLOBAL» компаниясының өкілі қатысты.
Жиында алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Жасұлан Тоққожақұлы Қарасай жерінде биылғы оқу жылында енгізілген жақсы жаңалықтардан жұртшылықты хабардар етіп, жылы лебізін жеткізді. Атап айтқанда, үш ауысымды мектептерді жою мақсатында «Қарлығаш» ықшам ауданының маңында жаңа мектеп-гимназиясы және Үштерек, Жармұхамбет, Іргелі, Жібек жолы ауылдарында арналған жаңа мектеп құрылысы мен жапсаржай құрылыстары аяқталып қолданысқа берілуде. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында аудан бойынша 2025 жылға дейін 10 мектеп бой көтермек.
Салтанатты шарадан кейін аудан басшысы «Қарлығаш» ықшам ауданынданының маңында орналасқан мектеп-гимназияның есікке керілген қызыл лентасын қиып, мектеп ішін аралады. Үш қабаттан тұратын бұл нысан 1500 балаға арналған. Озық үлгіде бой көтерген гимназияда оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, кабинеттердің әрбірінде интерактивті тақта мен мұғалімдер үшін жеке компьютер, басып шығарғыш құрылғысы орнатылған. Ал оқушылар өнерге деген қабілетін шыңдау үшін арт кабинеттерінде шұғылдана алады. Ауласы да толықтай көгалдандырылып, оқушылардың түрлі ойындарына ыңғайлы стадион да ойластырылған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях