Қарасай ауданында жаңа маршруттар ашылды (Видео)

Қарасай ауданында жаңа маршруттар ашылды (Видео)

Қарасай ауданы бойынша қоғамдық көліктердің мәселесі ретімен шешілуде. Бүгін №5 «Қаскелең – Жандосов» және №7 «Батан – Алтын орда» бағытында жаңа маршруттар іске қосылды. Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін тек Қаскелең қаласының ішінде қатынайтын және «Қаскелең – Исаев» бағытында жүретін қоғамдық көліктер өз жұмысын бастаған болатын. Енді осындай қоғамдық көліктердің қатарын «Қаскелең – Жандосов» және «Батан – Алтын орда» арасында жүретін автобустар толықтырды. Айта кетейік, «Қаскелең – Жандосов» бағытындағы қоғамдық көліктер аудан орталығынан бастап Жандосов, Қайрат, Шалқар, Бекболат, Қайнар ауылдарына дейін қатынайды. Аудандық әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, алдағы уақытта «Тұрар – Алтын орда» және «Әйтей – Қаскелең» бағыттарында жаңа маршруттар жүретін болады. Аталған маршруттардың іске қосылу рәсіміне Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысты. Қоғамдық көліктердің сапасын бақылап, жауапты автопарк өкіліне алдағы уақытта олардың санын арттыруды тапсырды. Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушы көлігі бөлімінің басшысы Қанат Шариповтің айтуынша, екі бағытта жүретін автобустардың жалпы саны 10 болғанымен, алдағы уақытта олардың қатарын арттыру жоспарда бар. Жол ақысы – 100 теңге, студенттер мен оқушыларға 50% жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, автобустарда халыққа қолайлы болу үшін QR-код арқылы жүзеге асыратын электронды төлем жүйесі орнатылған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях