Қартын қадірлеген қарасайлық жастар

Қартын қадірлеген қарасайлық жастар

Қарасай ауданының жастары ардақты әжеміздің жағдайын сұрап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ардақты ата-апаларға қашанда құрмет көрсетуді мақсат етіп, игі бастамалардың басы-қасында жүретін жандардың бірі – Қарасай ауданның жастары.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің елеулі істерін қолға алу мақсатында 2020 жыл – Волонтер жылы деп жариялаған еді. Осыған орай, қарасайлық жастар кеше қайырымдылық қасиетті мақсат тұтып, Қаскелең қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, зейнеткер Наталья Селиванованың үйіне барып, құрмет көрсетіп, бір ғасырлық жолы бар әжеміздің хал-жағдайын сұрап қайтты.

Келешекте жас қарасайлықтар мұндай көңіл қуантарлық жұмыстардың ретін жалғастырып, Волонтер жылының аясында бірқатар іс-шараларды жоспарлауда.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях