Қарасайлық азаматтар Президенттің алғысын алды

Қарасайлық азаматтар Президенттің алғысын алды

Тәуелсіздік мерекесі аясында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен қарасайлық азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қазақстан халқының бағы болған, азаттығын паш ететін биыл тұғырлы тәуелсіздікке 29 жыл толып, ұлттық мереке еліміз бойынша өз деңгейінде аталып өтілуде. Күні кеше айтулы күннің құрметіне орай Талдықорған қаласындағы Б.Римова театрында салтанатты жиын өтіп, Жетісу өңірінің әлеуетін арттырып жүрген азаматтар түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Айтулы мерекелік басқосуға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы қатысып, жұртшылықты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ҚР Президентінің Жарлығымен еңбектері еленген бірқатар жетісулыққа мерейлі марапаттарын табыс етті. Олардың қатарында әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық деңгейін арттырып, денсаулық, спорт, білім, өнеркәсіп, түрлі шаруашылық бағытта және басқа да салада қызмет атқарғандар бар.

Бұл айтылғандардың ішінде Қарасай жерінде өз саласында жемісті қызмет атқарып, ауданның абыройын арттыру мақсатында тер төгіп жүрген қос бірдей азаматымыз да бар екенін айта кеткен жөн. Нақты айтқанда, «БН Алтын орда ЛТД» ЖШС-нің директоры – Данияр Әбдіғапаров «Шапағат» медалімен наградталса, «Úshqońyr» спорт кешенінің директоры – Дәурен Төлеген ҚР Президентінің «Құрмет грамотасына» ие болды,

Қарасай ауданының қоғамы үшін табанды еңбек етіп, өз саласын дамытып жүрген қос қарасайлық азаматты мерейлік марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях