Тәуелсіздік күні босанған аналарға ерекше құрмет көрсетілді

Тәуелсіздік күні босанған аналарға ерекше құрмет көрсетілді

Дәл бүгін, яғни, Тәуелсіздік мерекесінде босанған қарасайлық аяулы аналарға ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бүкіл ел-жұрт болып атап өтетін бүгінгі Тәуелсіздік күні қарсаңында, Қарасай аудандық орталық ауруханасының перзентханасында ерекше мерекелік көңіл-күй орнады. Дәл мейрамда құрсағындағы сәбиін аман-есен өмірге әкелген аяулы жандар қуанышқа бөленді. Айтулы күнге орай Алматы облысы және Қарасай ауданы әкімдіктерінің қолдауымен мерекелік іс-шара қолға алынып, ұл-қыздарын дүниеге әкелген аналар қауымына «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл» деп жазылған көрпешелер сыйға тартылды.

Мерекелік сыйлықты табыстау үшін аудан әкімі Жандарбек Далабаев перзентханаға арнайы барды. Ана мен баланың денсаулығы басты назарда болғандықтан және де санитарлық сақтықты мақсатында аудан басшысы Тәуелсіздіктің тартуын аталған бөлімнің медицина қызметкеріне табыстап, өзінің ізгілікті ақ тілегін білдірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях