Алматылық Айнұр грант ұтып алып, рекорд орнатты

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Алматылық Айнұр Жұмалипова СДУ-нің 100 пайыздық грантын ұтып алды karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Жуырда Сулейман Демирел университетінде өткен SPT олимпиадасына қатысқан Алматы қаласының №34 гимназиясының түлегі Айнұр Жұмалипова 10 мың талапкер арасынан жалғыз өзі 100 ұпай иегері атанып, рекорд орнатты. Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай көрсеткішке олимпиада өткізіліп келе жатқан бес жыл ішінде ешбір талапкер бұрын соңды қол жеткізе алмаған.

Еске сала кетсек, мектеп оқушыларына арналған олимпиада республика бойынша 22 қалада өткізіліп, оған 10 мыңнан астам оқушы қатысқан болатын. Қатысушылар өздері таңдаған физика, география, химия, ағылшын тілі, әдебиет және тарих пәндері бойынша сынға түсті. Өз білімін дәлелдеген үздік қатысушылар аталмыш жоғарғы оқу орнында төрт жыл тегін немесе жеңілдікпен білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях