Алматы облысында базар сатушылары әкімдік алдына жиналды  

Алматы облысында базар сатушылары әкімдік алдына жиналды   

Алматы облысында бүгін, 7 тамызда аудан әкімдігі ғимаратының алдында сатушылар жиналды. Тұрғындар барлық базарға жұмыс істеуге рұқсат беруді талап етті,  деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео kris_p_talgar парақшасында пайда болды. Жазба авторы базар сатушылары Талғар ауданы әкімдігінің ғимаратына қайта жиналғанын хабарлады.

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі бұл ақпаратты растады. Базар сатушылары бүгін, 7 тамызда әкімдік ғимаратына жиналған.

«Жиналған адамдарға аудан әкімінің орынбасары Дәркен Нұржанов және СЭС өкілдері (Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті – автор) шықты. Олар сатушыларға облыстың бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 6 тамыздағы соңғы қаулысына сәйкес барлық жабық азық-түлік базары мен азық-түлік емес базарлардың қызметі тоқтатылатынын түсіндірді. Онлайн жеткізуден басқа барлық азық-түлік емес дүкен жабылады», – деді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Ведомстводағылар мұндай қатаң шаралар 17 тамызға дейін қолданылатынын атап өтті.

«Ешкімге рұқсат берілмейді. Мұның бәрі аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып отыр», – деп атап өтті әкімдік өкілі.

Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі де жеңілдіктер болмайтынын атап өтті. Алайда мерзімі нақтыланбады.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях