Мешіттерде садақа салатын терминал орнатылды

Мешіттерде садақа салатын терминал орнатылды

Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда орналасқан «Әлжан ана» мешітінде садақа салуға арналған электронды терминал іске қосылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Мұсылмандары діни басқармасының бас мүфти Серікбай қажы Ораздың айтуынша, еліміздің барлық мешіттерінде осындай игі бастама көтеріліп отыр. Бұл қаржылық ашықтықты қалыптастыру мақсатында және қолма қол қаржыдан арылып, еліміздің мешіттерінде жаңа заманауи терминалдар орнату үшін жүргізіліп жатыр.

Тағы бір айта кетерлігі, мұндай садақа салатын «QIWI» электрондық терминалдар елорданың 12 мешітінде орнатылған. Қазіргі таңда облыс орталықтары мен республиканың барлық мешіттерінде аталған терминалдарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях