Алматы қаласында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету орталығы ашылды

Алматы қаласында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету орталығы ашылды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының жобасы бірі бағыты  «Іскер ана» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсететін сондай-ақ, орталық ашылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылысы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Іскер ана» бағдарламасының мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту.

Аталмыш орталық алматылықтарға білім алуға, кәсіп ашуға және өз бетімен ақша табуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда кәсіптік оқу курстарынан өтіп, кейіннен жеке кәсібін ашқысы келетін көп балалы 136 ана «Бақытты отбасы» орталығы арқылы тіркелген.

Орталықта көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жеке ісін ашуға және оны жүргізуге көмектесетін мамандар жұмыс істейді. Мұнан бөлек кәсіпкерлікке оқытуды негізінен тәжірибелі, бизнесте жетістікке жеткен көп балалы аналар жүргізетін болады. Мұнда келетін адамдарға бастапқы капитал, гранттар, оқу курстары және тағы да басқа көмек түрлері ұсынылады. Бүгінгі таңда мұнда тігін ісі, сұлулық салоны, аспаздық, ұлттық қолөнерге үйрету және интернет сауда сияқты оқу курстары үшін топтар құрылуда. Орталық мамандары әйелдермен кездесіп, олардың бизнес жобаларын жүзеге асыруға көмектесетін болады.

Ғимаратта коворкинг орталығы, оқу сыныптары, кеңес беру бөлмелері – психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкерлер отырады. Сонымен қатар, жабдықталған балалар бөлмесі мен ойын алаңдары да бар.

Алдағы уақытта мұндай орталықтарды қаланың барлық аудандарында ашу көзделіп отыр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях