Жуырда елордалықтар үшін 100 жаңа электр автобус қызмет ететін болады

Жуырда елордалықтар үшін 100 жаңа электр автобус қызмет ететін болады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жыл соңына дейін елордада 10 жаңа электр автобусы жүретін болады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қалалық автобус паркіне барып жұмысшыларды кәсіби мерекелері – Көлік қызметкерлері күнімен құттықтау кезінде айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Astana.gov сайтына сілттеме жасап.      Елордада жолаушылар көлігі саласында 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Күн сайын 900 автобус жолға шығады, 1700 адам жүргізуші болып еңбек етеді. Соңғы 5 жылда 700-ден астам автобус сатып алынды, оларда ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдауға арналған пандустармен жабдықталған және заманауи бейнебақылау жүйелерімен қамтылған. Көшеде ыңғайлы қозғалыс үшін әкімдік көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

– Қалалық акселератор аясында құрылған жұмыс тобы қоғамдық көлікті жақсартып, жетілдірумен айналысады. Біз жасыл экономикаға көшудеміз. Жыл сайын қала тұрғындарының саны өсуде, автокөліктер саны да көбейіп отыр. Қоршаған ортаға теріс ықпалды азайту керек. Жыл соңына дейін біз 100 электроавтобус сатып аламыз. Бұл тек үлкен шаруаның бастамасы ғана, – деп атап өтті А.Көлгінов.

Елорда әкімі қоғамдық көліктің басымдылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Осылайша, жеке Bus lane жолақтарының енгізілуіне байланысты автобустардың жүру жылдамдығы артқанын атады. Қазіргі кезде Bus lane жолағының арқасында автокөлікке қарағанда автобуспен қалаған жерге тез жетуге болады. Бұдан бөлек, билеттерді берудің электрондық жүйесін енгізу автотұрақтардың табысын 40 пайызға арттырды. Сонымен бірге, егер өткен жылы қызмет көрсету сапасына 13 мың шағым түскен болса, осы жылы 21 мыңнан астам шағым түсті (60%-ға өскен). Бұған қатысты жауапты мекемелер қоғамдық көліктің барлық қатысушыларына жайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеуде.

Қала әкімі көлік қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстап, істеріне сәттілік және отбасыларына амандық тіледі. Кез-келген ауа-райында: қыста қақаған аязда, жазда күн ыстықта жұмысқа шығатын автобус қызметкерлеріне Нұр-Сұлтан қаласының әкімі өз атынан қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын», – деді А.Көлгінов.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях