Кітапханада  Кекілбаев оқулары  өтті

Кітапханада  Кекілбаев оқулары  өтті

Жуырда аудандық орталық кітапханада жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын дәріптеу мақсатында Кекілбаев оқулары байқауы болып өтті, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Сайыс барысында қатысушылар Ә.Кекілбаевтың туындыларынан иллюстрациялық суреттер салып,  поэзиясы мен прозасынан мәнерлеп үзінді оқиды. Сондай-ақ, олар кең тынысты суреткердің еңбектерін зерттеп, шығармаларынан сахналық қойылым   көрсетті. Әдеби додаға 14-20 жас аралығындағы 82 адам бақтарын сынады.  Олардың өнерлерін қазылар алқасында ретінде аудандық Қазақ тілі қоғамының төрағасы Шара Қанатқұлқызы, ұлағатты ұстаз Ақлима Көсемова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ділда Әбілқасымова, Абай мектебінің мұғалімі  Айнұр Тәутіков,  аудандық кітапханасының директоры Ұлдархан Өтеева болды.

Байқау қорытындысына сәйкес бас жүлдені Қаскелең мәдениет колледжінің студенті Ерзат Сабыр лайық деп танылса, бірінші орынды Л.Толстой мектебінің оқушысы Айзере Сәбет, екінші орынды А.С.Макаренко мектебінің оқушысы Балауса Әбдікерім, үшінші орынды К.Әзірбаев мектебінің оқушысы Эльиза Халдарбекова иеленді. Қатысқандардың барлығы   Алғыс хаттармен  марапатталды.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях