Киім-кешекті вирустан қалай тазартуға болады

Киім-кешекті вирустан қалай тазартуға болады

Сын сағаттарда оқшаулану мен ара қашықтықты сақтау маңыздылығын білмейтін адам кемде-кем. Осы ретте мамандар сыртқы киімге жұғып қалу мүмкін вирустен қалай құтылуға болатының айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Сырттан келген соң үйге қалай кірген жөн? Қол тазалығы түсінікті, ал сырт киімді тазалау қаншалықты маңызды? Мамандардың айтуынша, вирус түрлі заттардың бетінде айтарлықтай ұзақ уақыт өмір сүреді. Мысалы, бір реттік қолдануға арналған медициналық қолғапта 8 сағатқа дейін, ал пластикте 5 күнге дейін өз белсенділігін жоғалтпайды. Яғни, вирус үйге адаммен ілесіп келуі әбден мүмкін. Сондықтан пандемия кезінде киімге дұрыс күтім жасау артық етпейді.

— Арнайы құрамында этил спирті бар антисептикалық заттар бар. Солармен сырт киімнің тігісінің арасын өңдесе және оны басқа киімдерден бөлек сақтау керек. Ең дұрысы, балконда ұстаған дұрыс. Және сыртқа шығып келген аяқ киімді хлор сумен, аяқ киімнің табанын хлор сумен және этил спиртімен өңдесе өте дұрыс, — дейді ТКҚС бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Әсия Молдыманова.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях