Киев карантин жариялады

Киев карантин жариялады

Украинаның астанасы Киев қаласының мэрі Виталий Кличко өз Facebook желісіндегі парақшасында коронавирус тарауының алдын алу мақсатында 12 наурыздан бастап қалада карантин жариялатанынын мәлімдеді. Бұл туралы қала басшысы жазды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Достар! Коронавирус таралуының алдын алу үшін елорда билігі эпидемияға қарсы шаралар мен шектеулердің жоспарын бекітті. Киевте коронавирус жұқтыру дерегі әлі тіркелмеген болса да, біз оны күтпей, қала тұрғындарын қауіпсіз қылуға шешім қабылдадық. Біз Киевте алдын-алу шараларын 12 наурыздан бастап енгіземіз. Алдын ала жоспар бойынша, наурыздың соңына дейін», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мэр орта және жоғары білім мекемелерінде, балабақшаларда, шығармашылық және спорт мектептерінде оқу процесіне шектеу қойылатынын да айтып өтті. Мұнан бөлек қалада көп адам қатысатын іс-шаралар шектелетін болады. Бұл концерттер, конференциялар, киносеанстар және басқа да іс-шараларға қатысты. Ойын-сауық орталықтары да жабылады.

«Достар! Дүрбелең туғызбаңыздар! Денсаулығымызға жауапкершілікпен қарап, гигиена ережелерін сақтаймыз. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз – дереу дәрігерге қаралыңыз. Өзіңізге және айналаңыздағыларға қамқорлық жасаңыз! Біз бәрін бірге жеңеміз!», – деп жазды Виталий Кличко.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях