Керемет әсер алдым

Керемет әсер алдым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты  мақаласымен де өте  зейін қоя танысып шықтым. Шынымды айтсам, одан керемет әсер алдым, Өйткені, Президентімз ұлтымыздың ақын ұлы баға жетпес шығармашылық мұрасы және оның  яғни хакім Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінің қазіргі қазақ қоғамына  тигізер оң әсері жайында жан-жақты жазыпты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы осы орайда мәселенің мәніне  терең үңілген Абай туындыларында айтылған ойдың бүгінгі күннің шындығымен сәйкес келетініне назар аудартқан, былайша айтқанда, оның шығармаларының бүгін де өзектілігін жоғалтпағанын атап  көрсеткен.

Осылайша қоғамдық сананы жаңғыртуға, ұлттық сананы сақтауға Абай мұрасының тигізер пайдасының орасан мол екенін көз жеткізеді.

Мақаладан Президентіміздің Абайды, оның өлеңдері мен қарасөздерін, философиялық ой-толғамдарын өте жақсы білетіні анық-аңғартылды. Өткен жылы қазақтың қаршадай қызы Ләйлім бастаған ұлы ақын шығармаларынан ұзінді оқу эстафетаны Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысушысы да бұл сөзімізге айқын айғақ.

Мемлекет басшысы аталған  мақаласын бекер жазып отырған жоқ. Биыл – ұлы Абайдың 175 жылдығы. Оны мерекелеу қазақ қоғамына үлкен ой салуы тиіс. Сол арқылы данышпан айтатындай адамгершілік қалпымызды сақтап, бар  ісімізді берекелі етіп, жамандықтан арылып, жақсылыққа бет алуымыз керек. Осылайша мәңгілік ел атану жолы мен алға басып, алғы күндерде тек  игілікке, ізгілікке жетуіміз керек!

Айнұр МОЛДАЖИМОВА,

В.Белинский атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях