Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады

Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады

Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады. Науқастарды тасымалдауға арналған арнайы көліктердің алғашқылары осы аптада дәрігерлерге беріледі, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Kaspi.kz компаниясы пандемиямен қарсы күреске 100 жедел жәрдем көлігін сыйлайды. Ауруханалардың жедел бригадаларына (Ауырлығы 4 санаттағы жедел медициналық шақырулар) арналған арнайы санитарлық автокөлікті отандық автоөндіруші «СарыарқаАвтоПром» Chevrolet Damas үлгісінің базасында және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің техникалық ұсыныстарына сай жасайды.

– Барлығымыз денсаулық сақтау саласына орасан зор ауыртпалық түскенін көріп отырмыз, сондықтан біздің команда пандемиямен күресте алға шепте жүрген дәрігерлерге көмек көрсетуді басты міндет деп санады. Біз дәрігерлердің және Денсаулық сақтау министрлігінің автокөлік жинақтамасы туралы талаптарын зерттеп, жедел жәрдем көлігіне арналған техникалық талаптарды әзірлеп, Қазақстанда жылдам жасап шығарып, бүкіл ел аумағындағы салалық медициналық мекемелерге қысқамерзімде жеткізуге дайындадық. Арнайы жинақтамадағы алғашқы автокөліктер дәрігерлерге осы аптада беріледі, – дейді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.

«СарыарқаАвтоПром» директоры Сырым Семейбаевтың айтуынша аталмыш автокөліктер Kaspi.kz ұсынған өлшемшарттар мен Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен маневрге оңтайланып жасалған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях