Израильде бір жыл ішінде үшінші рет сайлау өтіп жатыр

Израильде бір жыл ішінде үшінші рет сайлау өтіп жатыр

Израильде кезектен тыс сайлау өтіп жатыр. Бұл соңғы бір жылда елде өтіп жатқан үшінші сайлау, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Оған 29 партия мен бірлестік қатысуда. Соңғы екі сайлаудан кейін үкімет құруға арналған әрекет нәтиже берген жоқ. Билік үшін басты бақталас ретінде премьер-министр басқаратын «Ликуд» партиясы және генерал Ганц жетекшілік ететін «Ақ-көгілдірлер» партиясы. Израильдің шамамен 6 жарым миллион халқы сайлау құқығына ие. Алайда Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге адам аз келеді ме деп күдіктеніп отыр. Өйткені жұрт таусылмайтын сайлау науқанынан жалығып кетті. Соңғы 11 айда сайлау ұйымдастыруға 800 миллион доллар жұмсалған. Аталған мемлекеттің тұрғындары таусылмайтын сайлаудан шаршаған.

– Балаларымның болашағы үшін келдім. Осыны аяқтайтын кез келді. Ауыстыруға болмайтын басшылар жоқ. Біреуді сайлауымыз керек, – сайлаушылардың бірі Авихай Ротем.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях