«Хизб-ут-Тахрир» діни партиясынан сақ болайық!

«Хизб-ут-Тахрир» діни партиясынан сақ болайық!

«Хизб-ут-Тахрир» діни саяси партиясы әлеуметтік желі арқылы да идеолгиясын жүргізуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Қарасай ауданының теолог маманы Мағжан Құрман түсіндірді.

Қазіргі уақытта елімізде түрлі теріс діни ағымдар бар болса, оның ішінде белгілісі – «Хизб-ут-Тахрир» діни партиясы. Аталған ұйымды 1953 жылы Палестинаның Құдс қаласында жергілікті апелляциялық соттың судьясы Тақийуддин ән-Нәбһани құрған. Олар шариғаттан ақида мәселесінде біз тек логика мен ақылға сай келетін нәрсені ғана қабылдаймыз дейді. Партияның мақсаты елде халифат құру болып табылады.

«Хизб-ут-Тахрир» діни саяси партиясы Ислам дінін жамылып әр мемлекеттің саясатына араласып, партия мүшелері саясатты өздерінің ықпалына алғылары келеді.

Аталған саяси партияның жақтастарының сыртынан діндар адамға тән ешбір белгілері білінбейді. Тек олармен діни тақырыпта сөйлесу барысында, олар дінмен саясат жайлы қатар әңгіме қозғайды. Сондай-ақ, Қазақстанда да  «Хизб-ут-Тахрир» діни саяси партиясы қанатын кең жайған.

Осыған орай, 2005 жылыдың 28 наурызында Астана қаласының сот шешімімен ҚР аумағында «Хизб-ут-Тахрир» діни саяси партиясы, деструктивті экстремистік партия (ДЭП) ретінде танылып, оған тыйым салынған.

Осыған қарамастан, ҚР аумағында аталған партия мүшелері өздерінің идеологиясын таратқаны үшін, партия мүшелерінің 160 белсенділері сотталған болатын. Олардың арасында Қарасай ауданының аумағында тұратын «К», «Қ» «Е» және «С» есімді тұрғындары бар.

Қазіргі уақытта «Хизб-ут-Тахрир» діни саяси партиясы өздерінің идеологиясын ашық түрде таратуды қойып, интернет желілері арқылы өздерінің идеологиясын таратуды жалғастыруда.

Осыны ескере келе, діни сұрақтар туындағанда интернет арқылы сұраққа жауап іздемей, жергілікті мешіт имамдарынан сұраққа жауап алған абзал.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях