Грекияда да коронавирус жұқтырған адам анықталды

Грекияда да коронавирус жұқтырған адам анықталды

Грекия елінде орналасқан босқындар лагерінде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Вируске шалдыққан әйел жуырда Афина ауруханаларының бірінде босанды. Науқас 2500 мигрант мекендейтін лагерьден шыққан. Мамандар оның соңғы уақытта кіммен қарым-қатынаста болғанын анықтауға кірісті. Ал, жергілікті билік дерт босқындар арасында да тарап кету қаупі бар деп дабыл қағып отыр. Миграция бойынша халықаралық ұйым келімсектерге сабын мен залалсыздандыру сұйықтықтарын таратуға кірісті. Сондай-ақ, олардың жұмыс орындары мен тұратын жерлері аптасына бір рет дезинфекциялануда.

Жергілікті билік болса, аймақтағы қозғалысты шектеу үшін тиісті шараларды қабылдай бастады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях