Еріктілер қозғалысын дамыту үшін

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталған Жолдауда Президент өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың нақты қадамдарын көрсетті. Биыл елімізде Жастар жылы аясында мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілуде. Ал, бүгінгі Жолдауда «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» атты төртінші бөлімінің екінші бағытында 2020 жыл Ерікті жылы жарияланғанын қуанышпен қабылдадық.

Қазіргі уақытта елімізде 200-ден астам еріктілер ұйымы жұмыс істесе, оған 50 мыңнан астам белсенділер қатысады. Волонтер жылын жариялау біздің елімізде еріктілер қозғалысын дамытуға жаңа серпін береді, жаңа жүйелі тәсілдерді анықтайды, жеке адамдар мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге жол ашады. Бұл көптеген жылдар бойы волонтерлік қызметтің әртүрлі саласында жұмыс істегендердің барлыңы үшін үлкен жеңіс. Ерте заманнан бері өзгелерге көмектесу — біздің мәдениетіміздің ерекшелігі. Қазақстанда жүздеген әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтуге болады. Осы жобалардың барлығы жұртшылыққа нақты көмек және жаңа волонтерлік бастамаларға түрткі болады деген ойдамын.  Еріктілер жылы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл Орталық Азияда еріктілер қозғалысының дамуына жаңа серпін береді.

Айсұлу Жұмашева,

Қаскелең мәдениет колледжінің студенті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях