Еріктілер мереке аясында тегін бетперде таратты

Еріктілер мереке аясында тегін бетперде таратты

Аудан еріктілері мерекенің құрметіне орай қарасайлықтарға тегін бетперде таратты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Елеулі істе белсенділіктерін танытып жүретін аудан жастары бүгінгі мерекені де назардан тыс қалдырмады.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында аудандық жастар ресурстық орталығы мен еріктілер қарасайлықтарға 500-ге жуық тегін бетперде таратты.

Волонтерлер медициналық маскаға «1 мамыр» деген жазуды да жабыстырып, айтулы күннің қаншалықты маңызды екенін де аңғартқандай. Сонымен қатар, аудан жастары елді елең еткізген коронавирус індетін алдын алу, одан қалай қорғану және сақтық шараларына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ерікті жастардың мұндай бірлескен істері Қаскелең қаласы мен басқа да округ бойынша атқарылғанын да айта кеткен жөн.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях