Ерекше кәсіпті меңгерген

Ерекше кәсіпті меңгерген

Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғыны ойын алаңшаларын жасап, тұтынушыларды тәнті етуде. Кәсіпкерлік пен ұсталықты ұштастырып, «нарыққа жаңаша леп әкелем» деген Әдемі Есеншораева ерекше кәсіппен айналысады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Әдемі Ұланқызының негізгі мамандығы – бухгалтер. Ол жоғары оқу орнын бітіріп, жолдасы екеуі сауда-саттықпен айналысқан. Тапқан табысына қанағаттанбаған келіншек екі жыл бұрын мүлде басқа бағытқа жол салады. Кәсіби білімі болмаса да дәнекерлеу ісін меңгеріп, кәсібін ашады. Әдемінің өткір құралдар мен оттың арасына түсуіне жолдасы қарсы болмаған. Қайта оны демеп, жасаған өнімдерін саудаға шығаруға өз көмегін көрсеткен. Кәсіпкер бұл ісін қыз балаға жат санамайды. Тіпті, еңбектің де ебін таба білген ол әкімдіктен жалға жер алып, арнайы шеберханасын ашқан. «Бизнес бастаудың» арнайы жобасына қатысып, нарық заңдылықтарын игере бастаған Әдемі жолдасымен өтімді дүние өндіруге көшкен. Өз ісін жандандырып отырған еңбек адамының өмірлік арманы асқақ. Күнделікті тапқан несібесі бүтін бір отбасының еркін тұрмыс-тіршілікте ғұмыр кешуіне жеткілікті екенін айтады. Бұйыртса, алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, қызметін жандандыруды қолға алмақ.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях