Полиция қатарына жұмысқа кірушілер құжаттарын фронт-кеңселерге де тапсырса болады

Полиция қатарына жұмысқа кірушілер құжаттарын фронт-кеңселерге де тапсырса болады

Алматыда полицияға жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттар фронт-кеңселерде қабылданады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Азаматтардың сенімін арттыру үшін Алматы полициясы біртіндеп қызмет көрсету моделіне көшуде. Қала әкімдігінің қолдауымен қазір барлық аудандық полиция бөлімдерінде фронт-кеңселердің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш жобаның мақсаты – азаматтардың кадр қызметкерлерімен байланысын азайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

– ҚР ІІМ тапсырмасына сәйкес ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуға келген үміткерлерді іріктеуде және зерделеуде ашықтықты қамтамасыз ету шаралары кешенді жүргізіледі. Фронт-кеңсе полиция қызметкері болғысы келетін азаматтардан (тегін жұмысқа орналасу үшін) құжаттарды алуға бағытталған. Фронт-кеңселерінде құжатты қабылдауға білікті мамандар тартылды. Олар үміткерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, қызметке кіру шарттарын түсіндіреді және келіп түскен өтініштерді нақты есепке алады, – деді Алматы gолиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Оразбеков.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях