Елорданың Заң кеңесшілер палатасы тегін онлайн көмек көрсетуде

Елорданың Заң кеңесшілер палатасы тегін онлайн көмек көрсетуде

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше елордалық білікті құқықтанушылар әлеуметтік жәрдемақы алу, азаматтық құқықтар бойынша сауалдарға жауап беруде, деп хабарлады Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Карантин кезінде Нұр-Сұлтан Заң кеңесшілер палатасы заңгерлік әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұдан былай тұрғындар Telegram мессенджерінде көпшілік чат арқылы онлайн форматта құқықтық кеңес ала алады.

Мұнда заңгерлеріміз сұрақтарға жауап береді және барлық сауал иелеріне 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы ресімдеу, карантин кезінде кәсібін жүргізу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ, отбасылық, еңбек, салық дауларына қатысты, т.б. өзекті мәселелер бойынша заңнамалық көмек көрсетеді. Барлық қызметтер тегін және тәулік бойы қолжетімді.

Нұр-Сұлтан Заң кеңесшілер палатасының Telegram-дағы тобы:

https://t.me/astanazanger.

Айта кетсек, 2018 жылдан бері Нұр-Сұлтан Заң кеңесшілер палатасы 2,5 мыңнан астам адамға тегін заңгерлік көмек көрсетті.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях