Еліміздің жаңа Бас мүфтиі тағайындалды

Еліміздің жаңа Бас мүфтиі тағайындалды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ құрылтайында Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынылып, оған құрылтайға жиналған 300 делегат бірауыздан дауыс берген. Нәтижесінде ҚР-ның Бас мүфтиі болып Наурызбай қажы Тағанұлы тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Өтпенов Наурызбай Тағанұлы 1977 жылдың 13 наурызында дүниеге келген. Ташкенттегі «Имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтын, ҚМДБ жанындағы Ислам институтын Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің магистратурасын, «Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің PhD докторантурасын бітірген. Мысыр Араб Республикасында қысқа мерзімде діни білімін жетілдірген. Республикамыздың түрлі мешіттерінде имамдық қызмет атқарған. ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы, ҚР Дін істері агенттігі Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкіл имам болған. 2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы қызметіне атқарған.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях