Елімізде ерікті студенттердің шәкіртақысы көбейеді

Елімізде ерікті студенттердің шәкіртақысы көбейеді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қамқорлықпен айналысатын ерікті студенттердің шәкіртақысы көбейетінін айтты, — деп  хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Елбасы бүгінгі Астанадағы Жастар жылының ашылуында айтты.

“Студенттік өмір – өз еркімен қайырымдылықпен айналысатын, жақсылық жасайтын кезең. Бұл олардың еңбек нарығында бейімделіп кетуге, өзін өзі дамытуға көмектеседі. Халықаралық баға бойынша, әлемдегі ең ірі 300 компанияның қызметкерлері апта сайын жұмысының бір сағатын еріктілік жұмысқа арнайды. Біз бұл туралы ойланған да жоқпыз”, – дейді Мемлекет басшысы.

“Біз жалпы жоғары білімді халық екенімізді мақтан етеміз. 2018-2019 жылдарға арналған “Бес әлеуметтік бастама” жобасын бойынша қосымша 20 мың грант берілгенін білетін шығарсыздар. 2022 жылдың соңына дейін жатақханаға 70 мың орын салуды көздеп отырмыз. Үкімет еріктілермен жұмыс істейтін студенттердің шәкіртақысын көтеруді қолға алу керек. Шамамен 30 пайызға көтеруге болады”, – дейді елбасы Жастар жылы салтанатты шарасының ашылуы кезінде.

Тәуелсіздік жылдары елімізде 2,8 млн. адам жоғары білім алған. 1991 жылы Қазақстанда 42 мың жоғары білімді болса, 2018 жылы 151 мың адамға жетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях