Елбасының сыныптасы Жомарт ата дүниеден өтті

Елбасының сыныптасы Жомарт ата дүниеден өтті

Күні кеше ҚР Тұңғыш Президентінің сыныптасы, Қарасай ауданының Құрметті азаматы Жомарт Сексенбаев 84 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жомарт Исабекұлы 1938 жылы Қошмамбет ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Қаскелең қаласындағы жалғыз қазақ тілінде білім беретін Абай  атындағы орта  мектепті бітірді. Дәл осы білім ордасында Жомарт атамыз Елбасы Н.Назарбаевпен бірге оқып, үлкен өмірге қанат қақты.

Мектеп қабырғасынан кейін сыныптасы Қантбала Жанқабыловаға үйленген. Отбасылы болғаннан кейін ауыл шаруашылық саласында екі жыл қатарынан еңбек етіп, тәжірибе жинайды. Содан соң сол кездегі астана – Алматы қаласындағы ұлттық жоғарғы білімнің қара шаңырағы атанған Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға түсіп, тарих факультетін тәмамдаған.

Алғашқы қызметі ретінде Қаскелең қаласындағы Юрий Гагарин есімін иеленген зағип балалардың мектеп-интернатында тәрбиеші, директордың орынбасары міндетін атқарды. Аталмыш білім ұясы жабылып қалғаннан кейін өмір оның жолын басқа жұмыс саласына бұрып әкетті. Бірақ, алдымен А. Байжанов  атындағы  орта мектеп директоры қызметін атқарды. Кейіннен Шамалған ауылдық кеңесі атқару  комитетінің төрағасы қызметінде осы елді мекеннің өсіп-өркендеуі үшін белсене еңбек етті, бел шеше жұмыс істеді. Сол сияқты Жаңа Шамалған ауылдық кеңесіне де  екі  жыл жемісті жетекшілік етті.

Сонымен қатар, Қаскелең аудандық жұмыспен қамту орталығын байыпты басқарып, бұл бағыттағы ел-жұртқа пайдасы көп тиген істің ілгері  басуына мол үлесін қосты. Осы жерден құрметті демалысқа – зейнеткерлікке шықты.

Қарасай жұртына сыйлы, көпке құрметті қариялардың бірі еді. Амал нешік…Жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях