Даулеттің оқырмандарынан жаңа қайырымдылық шарасы

Даулеттің оқырмандарынан жаңа қайырымдылық шарасы

Әлеуметтік желіде  @dauletten аккаунтымен белгілі блогер Дәулет Мұқаев маусым айынан бастап қайырымды жұма шарасының аясында  @dauletten_qory оқырмандармен бірлесе отырып, кемі 5 отбасын қаладан ауылға көшірмек,  деп хабарлайды karasayinfo.kz   желілік басылымы.

Бұл туралы блогер өзінің Instagram  парақшасында жария еткен болатын. Аталған қайырымдылық шарасы «Бала-шағамен ауылға» деп аталып, қорға оқырмандардан  жиналған қаражаттың есебінен  жүзеге асырылатын болады. Өтініштер www.dauletten.kz сайтында 1 маусымнан бастап, қабылданады. Отбасылар әлеуметтік жағдайының төмендігіне қарай  сарапталады. Таңдалып алынған бес отбасыға:

✅Ауылдан үй сатып алынады;
✅ 1 жыл бойы 42500 теңге беріледі;
✅ 2 сиыр, 2 қой алынады;
✅ Көшкен ауылға 10 ағаш ексе, бір реттік 50000 теңге беріледі;
✅ Кәсіп ашса, @dauletten  тегін жарнама;
✅ Ауылда 1 жылда бала туса, балаға деп бір реттік 200000 теңге беріледі;
✅ Көшетін ауылда интернеті болады.
«Бұл жоба сәтті жүзеге асып жатса, қыркүйек айында тағы 5 отбасыны көрші етесек», – дейді танымал блогер  Дәулет.

Айта кету керек, жуырда Дәулеттің оқырмандары  6 күн ішінде 100 млн. теңге қаражат жинап,   5 отбасыға баспана, су басқан Мақтааралдық түлектер мен мұғалімдерге 160 ноутбук сыйға тартқан болатын. Сонымен қатар, осыған дейін жоғары көрсетілген қайырымды жұма аясында, әр апта сайын бір жанұяның үйлі болуына себепкер болды.

Обсуждение: 2 комментария
  1. Жансая
    Ответить

    Даулет ага Менин есимим Жансая жолдасым екеумиз астанада жургенимизге 5 жыл болды аренда турамыз акша жинаи алмадык сол 5 жылда 3 улды дуниеге акелдим Аллага шукир бирак бир арманым бар оз уйим болса екен деп меили ауылдан болсада деп армандаимын,оз уйиме жана мебель,жана тосек орын т б заттыр алгым келеди ,озим киттаиымнан ар мектепти окып тамамдап шыкканан кеин,балаларым бир жерден 11 битиргенше окып шыкса деген максатым бар.Алла калауымен сол максаттарыма жететиниме сенимдимин.

  2. лаура
    Ответить

    саламатсызба отниш калай беремиз

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях