БОТА  БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ  СЕМИНАР

БОТА  БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ  СЕМИНАР

Жуырда, Алматы облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен, Шамалған ауылындағы «Бота « балабақшасында «Ересектер тобындағы балалардың сыни ойлауын дамытуда тәрбиешінің құзыреттілігі» атты тақырыпта облыстық семинар өткізілді.

Балабақшаларда сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы  балалардың логикалық қабілеттерін дамытуды мақсат еткен аталған бас қосуға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері,  жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиешілері қатысты.

Семинарды облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері Раушан Тумаева кіріспе сөзбен ашса,  «Бота» балабақшасының меңгерушісі Назима Жайлаубекова өзі басқарып отырған мектепке дейінгі мекеменің  бүгінгі тыныс-тіршілігі  жайында жан-жақты айтып берді.

Мұнан кейін тәрбиешілер: А. Ануарбекова – «Ақбұлақ»,  ортаңғы топ, Б. Көпкаева – «Балдырған», ортаңғы топ, Ж. Султанова – «Қызғалдақ», ортаңғы топ, Г. Искакова – «Тоты», ересектер тобы, Ж. Матова, – «Қаламқас», ересектер тобы, Қ.Тулжанова – «Ұлан», ересектер тобы,  Г. Қырықбаева  – «Ботақан» ересектер тобы – әртүрлі тақырыпта тәжірибелерін ортаға салды.

Ал, «Сандуғаш» балабақшасының әдіскері А. Батырбаева мен «Айгөлек» балабақшасының  әдіскері Б. Балиева «Балабақшада сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданудың маңыздылығы», «Ерке-Нұр» балабақшасының аға тәрбиешісі С. Канафинова «Балабақшада сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуға бағытталған инновациялық тәсілдер»,  «Брусничка» балабақшасының әдіскері Р. Хамитова «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағыларының дамуына мониторинг жүргізуді  ұйымдастыру» тақырыбында шебер-класс өткізді.

Сонымен қатар, семинар барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Л. Римованың ұйымдастыруымен «Инновациялық шеберхана»  көрмесі қойылып, Р. Тумаева постер сессия мен «Менің қоржыным» атты рефлекция өткізді.

Түйіндеп айтқанда, бұл  семинардан қатысушылар көп тәжірибе,  жақсы әсер алып қайтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях