Блогерлер Жетісу өлкесінің тарихи жерлерін зерттеуде

Блогерлер Жетісу өлкесінің тарихи жерлерін зерттеуде

Блогерлер Орта Азиядағы ең биік сарқырамаларының бірі Бұрханбұлаққа саяхат жасап қайтты. Оны  Алматы облысының ішкі саясат басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап  ұйымдастырған. Бұрханбұлақ Жоңғар Алатауының шығыс беткейінде табиғаты керемет жерде орналасқан. Текелі қаласына жақын маңайда облыс орталығынан 100 шақырым жерде тұр. Бұрханбұлақ 112 метр биіктіктен құлайды. Суы дертке дауа, жанға шипа. Көнекөз адамдардың айтуынша, бұл жерде өңірге қатысты талай аңыз әңгімелер де туған.

«Сарқырама жайлы аңыз бар: Бұрхан анасының жалғыз ұлы болады, анасы оның үйге сыпайы жақсы қыз алып келеді деп армандайды. Бірақ Бұрхан өте намысшыл асқақ Қораны сүйіп қалады. Баласының таңдауына наразы болған анасы ұлын сол махаббаттан алшақтату үшін үлкен сарай салып ұлын сол жерге қамап қояды. Бірақ Бұрханның махаббаты күшті болғандықтан ол қамаудан босап шығып өзінің суларын әдемі Қорамен түйістірді. Сол уақыттан бері олар бірге ағады», — деді өлке танушы Сабанчиев Бағлан.

Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев: «Біздің мақсатымыз – осы инфоквест пресс-туры арқылы  біздің жастарымызды заманауи технологиялардың, соның ішінде кейбір кезде зиян тигізетін гаджеттерден, мобильді технологиялардан үзіп, осы ата-бабаларымыз көрген, таңдаған, насихаттаған, аңыз әңгімелері осы жерден бастау алған жерлерге алып келіп көрсету».

30 адамнан құралған саяхатшылар тобы  Бұрханбұлақ басындағы лингвистикалық лагерьге тоқтап, семинар-тренинг ұйымдастырды.

Фото/ Максим Рожин @mrozhin

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях