Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауы еліміздің әл-ауқатының өсуі мен әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арналды. Жолдау аясында Президентіміз бірнеше бағытта мақсат-міндеттерді айқын атап өтті. Әсіресе, кәсіптік сала өзіме жақын болғандықтан, Елбасының шағын және орта бизнесті дамыту бойынша айтылған басым бағыттары қатты ұнады. Оған Ұлттық банк тарапынан осы салаға 600 миллиард теңге несиелеуі жүктелді. Меніңше, әрбір кәсіпкер үшін өз ісін дөңгелетуге таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. Одан бөлек, көшбасшымыз «Бизнестің Жол Картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруды көздеді. Ол үшін жыл сайын 30 миллиард теңге бөлінетінін айтты. Осындай мүмкіншіліктерді пайдаланып, оны жүзеге асыру өз қолымызда.
Экономикамыздың қарқынды дамуына осындай ұсыныс пен қолдау білдірген Елбасына айтар алғыс көп. Оларды жүзеге асырып, тыңғылықты жұмыс атқару – біздің міндетіміз.
Әділ Әділханов,
аудандық мәслихат депутаты,
«Khama Park» мейрамханалық кешенінің директоры