Біздің «Болашақ» жүлделі

Біздің «Болашақ» жүлделі

Жақында, Қапшағай қаласындағы «Күншуақ» балалар демалыс лагерінде, облыстық «Қауіпсіз дөңгелек – 2017» байқауы өтті. Оған білім бөлімінің әдіскері Д.Саусақбаевтың жетекшілігімен, аудандық кезеңнен сүрінбей өткен Байжанов орта мектебінің «Болашақ» командасы қатысты.

Аталған мектептің педагог-ұйымдастырушысы Т.Халмухамедованың айтуынша, жалпы, облыстың әр аймағынан асыға жеткен 15 команда арасындағы бәсеке тартысты өткен. Біздің «Болашақ» онда өз білімдерін және саптық шерулерін жоғары деңгейде көрсетіп  ІІ орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздарға  арнайы дипломдар мен заттай сыйлықтар табысталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях