Биылғы жылдың білім беру гранты белгілі болды

Биылғы жылдың білім беру гранты белгілі болды

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019 жылдың гранттарын мамандықтар бойынша бөлді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Bilimdinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бөлінген гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және техникалық ғылымдарға бөлініп отыр. 2019 жылға бөлінген гранттардың жалпы саны – 50 985.

Министрлік өз тарапынан жоғары білім мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты бекітті. Ал, бөлінген грант санына байланысты төмендегі мамандықтарды атап көрсетуге болады:

  • педагогикалық ғылымдар – 8276;
  • өнер – 1615;
  • әлеуметтік ғылым (журналистика, ғылым) – 960;
  • бизнес – 1223;
  • жаратылыстану ғылымдары – 4088;
  • ақпараттық-коммуникациялық технология – 5977;
  • техникалық ғылымдар – 15011;
  • ауылшаруашылық ғылымдар – 1600;
  • ветеринария – 835;
  • қызмет көрсету саласы – 2200;
  • даярлық (ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне арналған бөлім) – 2450;
  • «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 5109;
  • басқа – 1641.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, гранттар еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында бөлініп қойған. Ал, болашақ дәрігерлердің грант саны кейінірек белгілі болады. Өйткені, медициналық мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өздері жариялайды.

Естеріңізге сала кетсек, 2018-2019 оқу жылына арналған бөлінген грант    саны  – 53594 болатын.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях