Биыл елімізде 4 жаңа автожол жобасы басталмақ

Биыл елімізде 4 жаңа автожол жобасы басталмақ

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қызылорда-Жезқазған жолын қайта жаңғырту үшін халықаралық ұйымдардан қаржы тарту жоспарланып отырғандығын мәлімдеді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Министрдің айтуынша, 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар барлық автожолды қайта жаңарту үшін ұзындығы 4,3 мың шақырымда жаңа жобалар жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдар аралығында 10 мың шақырым автожол жөнделеді. Мұнан бөлек биылғы жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 607 шақырым болатын 4 жаңа автожол жобасын бастау жоспарланып отыр.

Оның бірі – Қызылорда-Жезқазған автожолы. Жалпы ұзындығы 427 шақырым болатын дәлізді күрделі жөндеуден өткізу үшін «Азия даму банкі» мен «Еуропа қайта құру және даму банкінің» қарызы есебінен мемлекеттік кепілдеме негізінде қаржыландырылуы мүмкін. Сондай-ақ, Түркістан қаласының Шығыс айналма жолын салу (30 км), Шымкент қаласының Оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысы (48 км), Сарыағаш қаласы айналма жолының құрылысы (102 км) жоспарлануда.

Тағы бір айта кетері, жиында Қандыағаш-Мақат бағытындағы 327 шақырым жол биыл ашылатындығы мәлім болды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях